Вторник, 17 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚоғамдық жолдарда мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістер

Қоғамдық жолдарда мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістер

Қоғамдық жолдарда мотокөлік құралдарын пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістер
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Енді мопедтерді басқару үшін полицияда тіркеуден өту, A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болу, техникалық байқаудан өту және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талап етіледі.
Заңнамадағы өзгерістерге байланысты халықты ақпараттандыру бойынша бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген. 2025 жылдың 17 қаңтардан бастап, мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енгенге дейін, пилоттық жоба аясында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа кеңінен жеткізілді. Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыруға қажетті көлік құралдары да қамтамасыз етілген, – деді Кегенбаев Алмас – Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а.
Облыста мопед сататын барлық дүкендер тексеруден өтті. Барлық сатылымдағы мопедтерде заңды құжаттар мен арнайы VIN-нөмірлер бар. Сонымен қатар, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында криминалист-сарапшылардың қатысуымен көшпелі тексерулер жүргізілді.
Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша 1761 мопед тіркеуге қойылды. Тіркеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп, ақпараттық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізілуде, –деді спикер.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments