Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚоғамдық эко-бақылау бойынша Республикалық акция басталды

Қоғамдық эко-бақылау бойынша Республикалық акция басталды

Ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында қоғамдық эко-бақылау (абаттандыру, елді мекендердің, тарихи-мәдени және туристік объектілердің экологиялық жай-күйі саласында) жөніндегі республикалық акциясы жүргізіледі.

Жобаның мақсаты жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға тарту, күрделі мәселелерді анықтау және оларды азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу болып табылады.
Аталған акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілмек :
1. Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
2. Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
3. Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз — 7 қыркүйек);
4. Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).
АкцияғаҚоғамдық кеңес мүшелері, экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатыспақ.
Соның ішінде, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық қоғамдық кеңестер қауымдастығы» РҚБ, «Қазақстанның Экологиялық Қоры» ҚҚ, «Әлеуметтік бастамалар қоры» КҚ.Жалпыакция аясында республика бойынша барлығы 1,5 мыңнан астам адамның қатысуымен 300 мониторингтік іс-шара өткізу жоспарланған.
Республикалық «Қоғамдық эко-бақылау» акциясының жоспарына сәйкес, а.ж. 15 тамыз күні «Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы»Алматыоблысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінен бастау алды. Қоғамдық эко-бақылау құрамында Қалқаев Еркінбек Нұрахметұлы- Кеген ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Ахметов Хамит Ағабекұлы — «Көлсай көлдері» МемлекеттікҰлттық паркі директорының орынбасары, Бейқұтбай Ғани — «Қарқара» газетінің редакторы, Кеген ауданының қоғамдық кеңес мүшесі, Жанбабаева ШолпанІлікқызы — «Шолпан» ресурстық орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі, Абуталипов Дәурен — «Алатау арайы» облыстық газетінің Кеген ауданындағы меншікті тілшісі, Нұрқасым Нұрман — Кеген ауданының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы бар.
Хэштегтер:#экобақылау, #экоконтроль, #ТазаҚазақстан2024.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments