Себебі медицина саласында да, жалпы қоғамдық өмірде де ең басты құндылықтар – ашықтық, жауапкершілік және сенім.
Депутаттардың дауыс беру процесіне жеке қатысуын міндеттеу, себепсіз отырысқа қатыспауды шектеу – кез келген шешімнің салмағын арттырады. Бұл тек саяси мәдениетті көтеріп қана қоймай, халық алдындағы жауапкершілікті нақты іске айналдырады. Өйткені әрбір қабылданған шешімнің артында ел тағдыры, адамдардың өмір сапасы, әлеуметтік кепілдіктер тұр.
Сонымен қатар депутаттардың тәуелсіздігін сақтауға бағытталған нормалар да аса маңызды. Аса ауыр қылмыстардан басқа жағдайда Құрылтайдың келісімінсіз депутатты қудалауға жол берілмеуі – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды тетік. Бұл шешімдер депутаттардың өз ұстанымын еркін білдіруіне және қоғам мүддесін ашық қорғауына мүмкіндік береді.
Дәрігер ретінде айтарым, заң шығару саласындағы әрбір әділ әрі ойластырылған шешім түптеп келгенде азаматтардың денсаулығына, әлеуметтік қауіпсіздігіне және өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан Құрылтай жұмысының тиімді әрі ашық болуы – барша қоғам үшін маңызды.
Ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың билікке деген сенімін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтады деп сенемін. Әрбір депутаттың өз дауысы мен әрекеті үшін жеке жауап беруі – әділетті әрі өркениетті қоғамның айқын белгісі.
Молдахалықова Доғдыргүл Өмірқұлқызы, қоғам белсендісі, дәрігер

