🏗️ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Азия даму банкінің (АДБ) Оңтүстік, Орталық және Батыс Азия бойынша вице-президент Инмин Янг бастаған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстың ағымдағы нәтижелері мен елдің медициналық инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
🏥 Кездесудің негізгі тақырыбы көпбейінді университеттік ауруханалар салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) және концессия жобаларын іске асыру болды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласында 300 төсектік нысанның қазіргі жағдайы, сондай-ақ Ақтөбе және Семей қалаларында осындай нысандар салу жөніндегі инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу мәселелері қаралды.
🤝 Тараптар ынтымақтастық тетіктерін және жобаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелерін талқылады.
🔹 Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, ведомствоның бейінді құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Азия даму банкінің Қазақстандағы елдік директоры Утсав Кумар және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram

