ATAMEKEN

ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының қызметкері дәріс оқыды

ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының қызметкері, аға жедел уәкіл, майор Н.Абдиманапов 28237 әскери бөлімінің 1-2026 шақырылым сарбаздарына әскердегі құқықтық сауат туралы дәріс оқыды. Дәріс барысында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, қылмыстардың алдын алу, әскери қызметшілер арасындағы жарғыдан тыс қарым-қатынастарға жол бермеу бойынша заңдық қағидаттар айтылды. Сондай-ақ офицерлер мен сержанттық құрамға заңдағы ұғымдар түсіндірілді.

Exit mobile version