Среда, 25 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Бүгін Қонаев қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қызмет бабында жүріп, ерлікпен қаза тапқан полицейлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан полициясы күні тәртіп сақшылары үшін салтанатты әрі, рухани күн. Қызметтегі офицерлерді марапаттаудан бөлек, полиция қызметкерлері жыл сайын қаза тапқан әріптестерін еске алады.

– Біз қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан әріптестеріміздің ерліктерін зор қайғымен еске аламыз. Олардың ерліктерін ұмытуға қақымыз жоқ! Олар азаматтардың өмірін қорғау жолында құрбан болды,– деп атап өтті полицейлер.

1991 жылдан бері Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде бірнеше рет ерлік пен жанқиярлық танытты. Осы кезеңде қызметтік борышын орындау кезінде 40 қызметкер, оның ішінде 10-ы – ерлікпен қаза тапты.

Бүгінгі рәсім – өз Отанын өмірінің құнымен қорғап жүрген жандарға деген құрмет білдіріп, ерлікпен қаза тапқан марқұмдарға тағзым ететін игі шара.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments