Site icon ATAMEKEN

Қыз Жібек пен Төлеген бейнесіндегі жас жұбайлардың таңдауы

23 тамыз күні Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылындағы №325 сайлау учаскесіне ерекше сайлаушылар келді.
Жас жұбайлар Әбдіманап Ұлысхан мен Дәулет Анель қазақ халқының әйгілі «Қыз Жібек» жырының кейіпкерлері – Төлеген мен Қыз Жібек бейнесін таңдап, ұлттық киіммен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Жас жұбайлардың бұл бастамасы сайлау учаскесіне ерекше сипат беріп қана қоймай, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметін көрсетті. Қазақтың классикалық эпосындағы Төлеген мен Қыз Жібек бейнелері махаббат, адалдық, отбасы және адамгершілік құндылықтарымен тығыз байланысты.
Жас жұбайлардың осы образда сайлауға қатысуы ерекше мәнге ие болды. Отбасылық өмірдің жаңа кезеңін бастаған Әбдіманап Ұлысхан мен Дәулет Анель ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Ұлттық киім мен тарихи-мәдени образды таңдауы жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген құрметін танытты. Сонымен қатар олардың сайлауға қатысуы азаматтық белсенділіктің маңызын көрсетті.
Төлеген мен Қыз Жібек бейнесіндегі жас жұбайлардың таңдауы – ұлттық құндылықтар, отбасы және азаматтық жауапкершілік тоғысқан ерекше көрініс болды. Бұл сәт №325 сайлау учаскесіндегі есте қаларлық оқиғалардың біріне айналды.

Exit mobile version