Site icon Атамекен

Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері

Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып, минералды ресурстардың сенімді экспорттаушысы мәртебесін сақтап қалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай, Ресей және Италия еліміздің ірі сауда серіктестері болды — дәл осы үш мемлекетке экспорттың да, импорттың да негізгі көлемі тиесілі.

Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы 81 млрд АҚШ доллларынан асты. Бұл соманың жартысынан астамы, яғни 42,9 млрд АҚШ доллары шикі мұнайға тиесілі, бұл бүкіл қазақстандық экспорттың 52,5% құрайды. Сонымен қатар, ел сыртқы нарыққа уран ( 4,6 млрд АҚШ доллары), мыс және мыс катодтарын (4,1 млрд АҚШ доллары), сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын 3,2 млрдАҚШ доллары) белсенді түрде жеткізді.

Ферроқорытпаларға, табиғи газға, бидайға және мұнай өнімдеріне тұрақты сұраныс сақталып отыр.
2024 жылы техника, көлік және фармацевтика саласында импорт белсенділігімен ерекшеленді. Ең үлкен көлем жеңіл автомобильдерге ($2,3 млрд), ұшу аппараттарына ($1,8 млрд), дәрілік препараттарға ($1,7 млрд) және телекоммуникациялық жабдыққа тиесілі болды. Қазақстандық нарық дайын бұйымдарды да, жиынтықтауыштарды — шанақтарды, қосалқы бөлшектерді, есептеу техникасын да импорттай отырып, жаһандық өндірістік тізбекке кіруін жалғастыруда.

2025 жылдың басы осы тенденциялардыңтұрақтылығын растады. Қаңтар айындаҚазақстанның экспорты $4,5 млрд құрады, оның 60% — ы тағы да мұнайға тиесілі. Жеткізу құрылымында мыс, ферроқорытпалар, бидай, сондай-ақ уран, табиғи газ және күнбағыс майымаңызды позициялар болып қала берді. Қаңтарайында импорт 2,8 млрд АҚШ долларынанасты. Жетекші санаттарға телефондар, автомобиль корпустары, дәрі-дәрмектер жәнежеңіл автомобильдер жатады. Сондай-аққұрылыс техникасы мен қозғалтқыштардыжеткізудің өсімі байқалады.

Шикізат экспорты мен жоғары технологиялықөнім импорты арасындағы теңгерімніңсақталуы Қазақстанның сыртқы экономикалықбағытының орнықтылығын растайды.

2025 жылы Қытаймен, Ресеймен және ЕуропалықОдақ елдерімен стратегиялық әріптестіктідамыту, сондай-ақ Орталық Азия нарықтарындағы позицияларды нығайтубасымдық болып қала береді.

Exit mobile version