Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шараға шақырамыз! Іс-шара 7 мамыр күні сағат 09:00-де Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.
Бұл мереке – ел тыныштығын күзеткен ерлерге, әскери қызметшілер мен ардагерлерге көрсетілетін құрметтің айқын көрінісі.
Келіп, бейбітшілік тірегіне айналған Отан қорғаушы күніне орай өтетін мерекелік бағдарламаны тамашалап, ел қорғаған азаматтарға құрмет көрсетіңіздер!
Баршаңызды күтеміз!
Өтетін орны: Қонаев қаласы, Орталық алаң
Күні мен уақыты: 7 мамыр, сағат 09:00

