Ұсынылып отырған түзетулер депутаттардың жауапкершілігін күшейтіп, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Депутаттардың дауыс беру процесіне жеке қатысуын міндеттеу, себепсіз отырысқа келмеуді шектеу – халық сенімін ақтаудың нақты көрінісі. Әрбір депутат өз дауысы үшін жеке жауап беруі тиіс. Бұл талаптар өкілді органдардағы тәртіпті күшейтіп, жұмыс тиімділігін арттырады.
Сонымен қатар депутаттардың тәуелсіздігін қорғауға арналған нормалардың сақталуы да аса маңызды. Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға жол бермеу – өкілді биліктің тұрақты әрі еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл шешімдер депутаттардың қоғам мүддесін батыл қорғауына жағдай жасайды.
Мандаттан айырудың нақты әрі объективті себептермен ғана жүзеге асырылуы – саяси жауапкершіліктің әділ тетігі. Мұндай талаптар депутаттардың адал қызмет атқаруына және халық алдында есеп беру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жергілікті өкілді органның өкілі ретінде айтарым, бұл өзгерістер халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, мемлекет деңгейінде қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады. Әрбір депутаттың жауапкершілігі күшейген сайын, ел дамуына бағытталған нақты әрі тиімді шешімдер қабылданатынына сенім мол.
Абдимолдаева Жанат Алиакпаровна, Жамбыл ауданының маслихат депутаты
