Site icon Атамекен

Құттықтаймыз!

Шиен ауылының тұрғыны, бәрімізге құрметті, қадірлі отағасы, балаларына асқар таудай әке, немере-шөберелеріне құрметті ата Дабырқұл РАХЫМБАЙҰЛЫ!

Сізді мерейлі 80 жас туған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, өмірлік жарыңызбен бала-шағаларыңыздың қызығына бөлене беріңіз демекпіз. Сіздің өнегелі өміріңізде істеген еңбегіңізді ауыл, аудан халқы ешқашан ұмытпайды. Қаншама адамды қауіп-қатер, ажалдан арашалап қалдыңыз, күн-түн демей елімізге, туған жерге қалтқысыз қызмет жасадыңыз.

Зейнетке шықсаңыз да, балаларыңызға ақылшы, қамқор болып келесіз. Елге сыйлы, жайдарлы мінезіңізбен арамызда күліп-ойнап жүре беріңіз. Сексеннен сергек өтіп, тоқсанға тоқтамай, жүзге жетіңіз. Алла бойыңызға қажымас қайрат, күш-қуат берсін. Ұрпағыңыздың ортасында мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып, өмірдің өрінде, құрметтің төрінде болыңыз.

                               Ізгі тілекпен ауылдастарыңыз: Бейсенбай, Секен, Қорабай, Әділжан, Дүйсехан, Тұрсыбай.

Exit mobile version