Site icon ATAMEKEN

Құттықтаймыз

ОТЫНШИЕВА Майра Касымханкызыны көктемнің шуақты күнінде келіп жеткен 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз ұстаздық жолында жылдар бойы өткеннін өшпес ізін мен тектілігін ескелен ұрпақтың санасына сіңіріп келесіз. Тарихты ұмыттырмай, келешекке жол бастайтын ұлағатты ұстаз, аяулы ана ретінде біз өзіңізді үлгі тұтамыз. Сізден дәріс алып, білім нәрімен сусындаған әрбір шәкіртіңіз бүгінде өмірден өз орнын тауып, еліне адал қызмет етіп жүр. Бұл әрине, өнегелі тәлім-тәрбиеніз бен ерен еңбегіңіздің жарқын жемісі.

Осы орайда өзіңізбен талай жылдарды бірге еңсерген әріптестеріңіздің атынан жылы лебізімізді арнап, Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке тілейміз.

Өзіңізден тәлім алды талай шәкірт, жас ұрпақ,
Білім нәрін сіңіруден қалмадыңыз тосырқап.
Өтті күндер тым ұйқысыз қажырлы еңбек жолында,
Әріптестер бұл арнаумен мерейіңізді асырмақ.

Құтты болсын 60 жастың мерейтойы кеңесі!
Аман-есен еңсеріңіз 100 жастың да белесін.
Ұл-қызыңыз шашу етіп
сый-құрметтің төресін,
Немерелер күлкісімен қуанышка бөленсін.

Ізгі ниетпен: Ә.Бейсеков атындағы орта мектебінің ұжымы.

Exit mobile version