Site icon Атамекен

Құттықтаймыз!

Ұзынағаш ауылының тұрғыны, бәрімізге құрметті әріптес Игембаева Гүлнара Құралбекқызын 29 қаңтарда 60 жасқа толған қуанышты мерейімен құттықтаймыз.

Ол Талғардағы ауыл шаруашылығы техникумын есепші мамандығы бойынша бітірген соң 1995 жылы аудандық пошта торабында сұрыптаушы болып жұмыс істеген. Қазір осы салада ұзақ жыл жемісті қызмет атқарып, еңбекқор іскерлік қабілетімен көзге түсіп, көңіл қуантып жүр. Негізгі жұмысы аудандағы барлық пошта бөлімшелеріне газет, журнал, хаттарды өзге де пошта сәлемдемелерін жөнелтумен айналысады. Мол іс-тәжірибе жинақтап үлгерген Гүлнара Құралбекқызы тындырымды еңбегіне орай Құрмет грамотасымен қатар Алғыс хаттармен де марапатталған. Отбасында аяулы ана, асыл жар, қызы мен ұлынан тараған немерелеріне ардақты апа атанған сыйлы жан.

Мерейсәтінде отбасына амандық, деніне саулық тілеп, әріптестерінің ортасында жаздай жадырап, көктемдей күлімдеп, бақытты өмір сүруін қалаймыз.

Құтты болсын қуанышты күніңіз,

Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.

Алпыстың да асқарына жеттіңіз,

Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,

Бала-шаға қызығына кенеліп,

Ортамызда аман-есен жүріңіз!

деп құттықтаушылар: Жамбыл аудандық пошта торабының және «Атамекен» редакциясының ұжымы.

Exit mobile version