Қарғалы ауылының тұрғыны, ұлағатты ұстаз, отбасында аяулы ана Сарбекбаева Сарқыткүл Базарбайқызын
22 ақпанда 50 жасқа толған мерейтой қуанышымен құттықтаймыз. Ол бүгінде Әсет Бейсеуов атындағы орта мектепте шәкірттерге география пәнінен дәріс беріп келеді. Іргелі білім ордасында білімді жастар тәрбиелеу ісіне өзінің сүбелі үлесін қосып жүр. Елеулі еңбегіне орай көптеген марапаттарға ие болған ұстаз Сарқыткүл мектептің маңдай алды мақтанышына айналған сыйлы жан. Осынау қуанышты сәтте мерейтой иесінің деніне саулық, отбасында амандық пен жақсылық тілейміз. «Ұстаз болу жүректің ұлылығы» демекші, Сарқыткүл Базарбайқызы өз мамандығына төселген кәсіби шебер. Әрдайым ұжым мақтанышы, жаны жаз, жүрегі жылы, періште пейілді ұстаз деп білеміз.
Қызғалдақ әсем гүлдей боп,
Ортамызда жүріңіз жарасып.
Көңіліңізді күн сайын
Әуезді әсем ән ашып
Бойыңыздағы білім, өнерді,
Ұстаздық қызмет шыңдасын.
Туған күніңізде жыл сайын
Шәкірттер гүлін сыйласын, –
деп құттықтаушылар: Ә.Бейсеуов
атындағы орта мектептің ұжымы.