Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, әріптесіміз
Иниятов Лабақ Сығайұлы
20 ақпанда 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шықты. Ұзақ жыл осы мектепте еңбек етіп, балаларын өсіріп, олардан немере сүйіп, бақытты ғұмыр кешуде. Жас жеткіншектерге әскери дайындық пәнінен дәріс беріп, өзінің білімі мен қабілетін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаздың бірі. Енді бейнетінің зейнетін көріп, сый-құрметке бөленіп, зейнеткер атанып отыр. Осынау мерей сәтінде Лабақ Сығайұлына зор денсаулық, қажымас қайрат, баянды бақыт тілейміз.
Ел үшін бір тынбаған дамыл алып,
Еңбегіңіз ақталды кәміл анық.
Ел қорғаны бола алған азаматтар,
Қанат қаққан бір сізден тәлім алып.
Алғысына халықтың кенеліңіз
Арта берсін әрдайым кемеліңіз.
Отбасының шуағы – ардақты әке
Немере қызығына бөленіңіз. –
деген ізгі тілекпен Әсет Бейсеуов
атындағы орта мектептің ұжымы.