Site icon ATAMEKEN

Құттықтау

Сіздерді Қазақстанның ең басты мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баяшатты өмірдің бастауы болған тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Жастарымыз саналы, білімді, биіктерді бағындырар азамат болсын! Республика күнінде әр азамат халқымыздың тарихын танып, бүгінгі күнге жету үшін берілген бодауды білуі тиіс. Елдікті ешкім сыйға тартпады. Аға буынның ақыл-парасатымен, ата-бабамыздың қып-қызыл қанымен келген тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!

Бізге аманат болған мемлекетімізді дамыту, болашаққа бай ел етіп жеткізу, ұрпақ санасына ұлттық рухты сіңіру бізге борыш.

Жарқын болашақ үшін қызмет етейік! Республикамыздың айбыны асқақтай берсін!

Мерекелеріңізбен!

Exit mobile version