Site icon ATAMEKEN

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер өтті

Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған алты кездесу ұйымдастырылды. Кездесулер барысында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Шараларға мемлекеттік органдардың өкілдері мен тұрғындар қатысып, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Exit mobile version