Site icon ATAMEKEN

Құқық бұзушылықтың алдын алу күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік және ювеналды полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері учаскелік инспекторлар 665 қылмыстың бетін ашып, 33 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Сонымен қатар жастар мен ата-аналар арасында құқықтық түсіндіру кездесулері ұйымдастырылуда.

Exit mobile version