Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҮздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері қалыпты жұмыс iстеуi үшін авариялық броны бар тұтынушыларды...

Үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері қалыпты жұмыс iстеуi үшін авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарының сақтау қажеттілігі туралы  

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі (әрі қарай – Департамент) хабарлайды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығымен бекітілген, авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарының (әрі қарай – Қағида) 1-бөлімінің                     2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес,  үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері (бұдан әрі – ҮЭО) – «Оларды ажыратып тастау адамдардың өліміне, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкін, технологиялық себептеріне байланысты үздіксіз энергиямен жабдықтауды қажет ететін жеке және заңды жеке тұлғалардың шаруашылық инфрақұрылым объектілері».

Қағиданың 3-тармағына сәйкес, олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз энергиямен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді: 1) мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер; 2) теле-радиокоммуникациялар; 3) сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары; 4) емдеу мекемелерi; 5) олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер;  6) титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері; 7) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi; 8) құс фабрикаларының объектілері.

Қағиданың 4-тармағына сәйкес, YЭО тізбесіне қосу шарты объектінің сыртқы электрмен жабдықтау схемасы сенімділік дәрежесі бойынша электрмен жабдықтауы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілетін Заңның 5 бабы 19) тармақшасына сәйкес, электр қондырғыларын орнату қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі болып табылады.

Қағиданың 6-тармағына сәйкес, YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объекті үшiн энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 75 бұйрығымен белгіленген электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарғы сәйкес авариялық бронның актiсiн жасайды. Авариялық бронның актiсi электр энергетикасы саласында жетекші уәкілетті органға және жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады.

Жоғарыда атап кеткенге байланысты, авариялық және технологиялық броньді толық көлемде қамтамасыз етпеген жағдайда, тиісті объектіге электр энергиясын шектеу өңірлерде адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуына мүмкіндік бермеу мақсатында, сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде авариялық бронның актiсi тұсынан энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен бірге YЭО өкілдерімен Қағида талаптарын орындау қажеттілігі туралы назарға алу үшін Департамент жеткізеді.

«Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық

қадағалау мен бақылау комитетінің

Алматы облысы

бойынша аумақтық департаменті» ММ

Басшысы                                                                                              Е.Ә. Нармұратов

Орын: Аипова М.Б.

Тел: 8 (7282)41-27-82

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О необходимости соблюдения требований Правил и условий энергоснабжения потребителей, имеющих аварийную бронь,

в целях надежного функционирования

объектов непрерывного энергоснабжения!

ГУ «Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по Алматинской области» (далее – Департамент) сообщает, что в соответствии с пп.1) п.2 Правил и условий энергоснабжения потребителей, имеющих аварийную бронь, утвержденных приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 245 (далее — Правила) объекты непрерывного энергоснабжения (далее — ОНЭ) – Объекты хозяйственной инфраструктуры физических и юридических лиц, в силу технологических причин нуждающиеся в непрерывном энергоснабжении, отключение которых может привести к гибели людей, нарушению работы объектов жизнеобеспечения, катастрофическим экологическим, социальным или экономическим последствиям.

Согласно п.3 Правил в перечень объектов непрерывного энергоснабжения, для которых определяется величина аварийной брони, включаются: 1) объекты, обеспечивающие безопасность государства; 2) теле-радиокоммуникации; 3) предприятия водоснабжения, канализации и теплоснабжения; 4) лечебные учреждения; 5) объекты, обеспечивающие противопожарную безопасность, содержание которых предусмотрено бюджетом; 6) объекты металлургических предприятий непрерывного производства титана и магния электролизным способом;

7) объекты аэронавигационной организации, обеспечивающие обслуживание воздушного движения; 8) объекты птицефабрик.

          В соответствии с п.4 Правил условием для включения в перечень ОНЭ является соответствие схемы внешнего электроснабжения объекта по категории надежности электроснабжения согласно требованиям, установленным Правилами устройства электроустановок, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года №230.

          В соответствии с п.6 Правил для каждого объекта, включенного в перечень ОНЭ, энергоснабжающими и энергопередающими организациями совместно с представителем ОНЭ составляется акт аварийной брони в соответствии с Инструкцией по составлению акта аварийной и технологической брони энергоснабжения, утвержденной приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 75. Акт аварийной брони направляется в государственный орган, осуществляющий руководство в области электроэнергетики и местный исполнительный орган. Акт аварийной брони является приложением к договору на энергоснабжение и договору на передачу электрической энергии.

          В связи с вышеизложенным, в целях недопущения ограничения электрической энергии объектов, нарушение деятельности которых может привести к угрозе здоровью и жизни людей, нарушению работы объектов жизнеобеспечения,  катастрофическим экологическим, социальным и экономическим последствиям в регионах, в том числе в осенне-зимний период Департамент доводит до сведения о необходимости исполнения энергоснабжающими и энергопередающими организациями совместно с представителями ОНЭ требований Правил, в части наличия актов аварийной брони.    

         

Руководитель

ГУ «Территориальный департамент

Комитета атомного и энергетического

надзора и контроля Министерства энергетики

Республики Казахстан

по Алматинской области»                                                              Нармуратов Е.А.

 

 

 

 

Исп: Аипова М.Б.

Тел: 8 776 294 25 05

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments