Site icon ATAMEKEN

Ұзынағаш ауылындағы Абай Жапар базары аумағында округ әкімінің орынбасары Б. Абжан референдум мәселесі бойынша халықпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындарға референдумның маңызы мен мақсаты түсіндіріліп, дауыс беру тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мұндай түсіндіру жұмыстары азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға және маңызды қоғамдық мәселелер бойынша ақпараттандыру деңгейін көтеруге бағытталған.

Exit mobile version