Атамекен

ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНДА «ЭКО-БАҚЫЛАУ»АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНДА «ЭКО-БАҚЫЛАУ»АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мәдениетжәне ақпарат министрлігі қоғамдық кеңестердіңөкілдері мен үкіметтік емес ұйымдарменбірлесіп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттықакциясы аясында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясын өткізуде.

Аталған іс-шара Дүниежүзілік қоршағанортаны қорғау күні мен ҚазақстанРеспубликасының экологтар күніне орайұйымдастырылып,                      2025 жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында республика көлемінде жүзеге асырылуда.

Акция шеңберінде өткізілетін тақырыптықонкүндіктердің бірі                       16-25 маусым аралығы, абаттандыру жәнестихиялық қоқыс орындарын жоюмәселелеріне арналған.

Осыған орай, 2025 жылғы 18 маусым күніЖамбыл ауданының Ұзынағаш ауылымаңындағы қоқыс полигонына қатыстыэкологиялық акция және қоғамдық эко-бақылаушарасы ұйымдастырылды.

Зерделеу жұмыстарына Жамбыл аудандыққоғамдық кеңес мүшесі, аудандық Ақсақалдаркеңесі төрағасының орынбасары                               Т.Қасымберкебаев, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық және тұрғын үй инспекциясыбөлімінің бас маманы Ж.Егінбаев, Ұзынағашауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Абжан,  аудандық мәслихат аппаратының басшысыМ.Нұрмұхамедов, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңбасшысы К.Пичкунов,  жастар ресурстықорталығының жетекшісі Б.Досалы және аудандық мәслихат депутаты А. Жүнісовқатысты.

Іс-шара барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне нақты тапсырмалар берілді.

Табиғатты қорғау — әр азаматтың ортақ міндеті!

Exit mobile version