Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба мұрасын ұлықтау мақсатында Ұлттық киім күніне арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында барша ауыл тұрғындары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, олардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін насихаттады. Ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі, танымдық бөлімдер және шығармашылық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.
Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек пен киім үлгісі ұлттың болмысын, дүниетанымын айқындайды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру.
Ұлттық мұрамызды бірге сақтайық!
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
RELATED ARTICLES



