Әсіресе, 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны мен 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы – ел тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа ауруханалар мен жедел жәрдем станциялары медициналық көмектің қолжетімділігін арттырса, оңалту орталықтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге жол ашады. Ал заманауи мектептер, спорт және мәдениет нысандары өскелең ұрпақтың дамуына жағдай жасайды. Бастысы, бөлінген қаражат тиімді игеріліп, нысандар сапалы әрі уақытында пайдалануға берілсе, оның нақты пайдасын халық сезінеді. Ел игілігіне бағытталған әрбір жоба осындай нәтижесімен бағалануы тиіс!Атамекен ақпарат
Ұлттық қор қаражатының халық игілігіне жұмсалып, нақты әлеуметтік және экономикалық нәтиже беруі өте маңызды.

