Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетРухани жаңғыруҰлт тарихының маңызы

Ұлт тарихының маңызы

«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаланың ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт атты бөлімінде «Атқа міну мəдениеті», «Ұлы даладағы металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі əлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деген тақырыппен Ұлы даланың жеті қырының ең басты ерекшелігіне тоқталған болатын. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыздың өз дəуірінде ерекше үстемдікке ие болғаны, металл өндірудің тəсілдерін табу арқылы тарихтың жаңа кезеңіне жол ашқаны, жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланғандығы айтылған. Сонымен бірге 1969 жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» талай тылсым құпияның бетін ашты. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергендігін байқатты.

 Біздің дəуіріміздің 1 мың жылдығының орта шенінде түркі дүниесінің пайда болғаны Ұлы дала төсінде жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бір-бірімен өзара тікелей байланыста болып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси жəне мəдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырғанын дəлелдейді.

Сондай-ақ, ұлы Жібек жолы картасы негізінен, түрік империяларының аумағын қамтығаны, осылайша орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге жəне мəдениетті дамытуға өзінің септігін тигізгені белгілі.

Қазақстан қазір де əлемдегі алма атауларының арғы атасы – Сиверс алмасының Отаны саналғаны осы мақалада жақсы айтылған. Сонымен қатар, Қазақстан қызғалдақтың да Отаны екені назарға алынған. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Олардың көпшілігі – біздің дала қызғалдағының ұрпағы.

Біздің Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің ұстаздары осы мақаланы түгел оқып шықты. Сөйтіп, «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаланың еліміздің өркендеуіне, өсіп, дамуына тікелей ықпал еткенін білді. Өткенін жаңартып, мақтан тұту, бүгінін нақты болжап бағалай білу арқылы ұстаздар мен шəкірттер қауымы алдағы болашаққа оң көзқарас танытады деген сенімдеміз.

Гүлзира НҰРИҚЫЗЫ,

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі директорының тəрибе ісі жөніндегі орынбасары.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments