Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон- бәйгесіне байланысты баспасөз маслихаты өтті.
Іс-шараға «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахман Шахарбек, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев, сондай-ақ марафон-бәйгенің бас төрешісі Серік Абжанов қатысты. Олар жарыстың басталу тәртібі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы жан-жақты мәлімет берді.
Марафон-бәйге 2025 жылдың 10 мамырында таңғы сағат 05:00-де Алматы облысындағы Бақанас тасжолының бұрылысында басталып, Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді. Жарыс 5 күнге созылады, әр күнгі кезең – 100 шақырымнан, жалпы қашықтық – 500 шақырым. Бәйге Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумақтарын қамтиды. Әр 50 шақырым сайын қатысушылар үшін арнайы тынығу және демалыс орындары қарастырылған.
Жарысқа шет елдерден келген 6 команда (Ресей, Оңтүстік Африка, Мажарстан, Иран, Қырғызстан және т.б.) отандық 13 команда бақ сынайды. Жеңімпаздар үшін арнайы жүлделер тағайындалған.
Марафонның жабылу салтанаты 2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 17:00-де Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді. Шара барысында «Алаш ұлы», «Рух», «Абырой» және «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді.
«Ұлы дала жорығы» Тарих пен дәстүрді тоғыстырған бәйге жолы басталады
