Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды әрі тағдырлы қадам. Ата заң мәтінінің 84 пайызын қамтитын түзетулер елдегі мемлекеттік басқару мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді.
Жиынтық жобаның азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар негізінде әзірленуі реформаның ашықтығы мен инклюзивтілігін көрсетеді. Бұл – Конституцияны қоғаммен бірлесе қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңартылған Конституция құрылымының өзгеруі, жаңа бөлімдердің енгізілуі және бірқатар бөлім атауларының қайта қаралуы Ата заңның мазмұнын заманауи талаптарға бейімдеуге мүмкіндік береді. Әсіресе «Халық кеңесі» институтының конституциялық деңгейде бекітілуі азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін кеңейтіп, билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтады.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау кепілдіктерінің күшейтілуі реформаның басты өзегін құрайды. Президенттік басқару нысанын сақтай отырып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қайта қарау және жаңа бір палаталы Парламент моделіне көшу – мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды институционалдық өзгерістер.
Сонымен қатар Конституциялық соттың құқық қорғау әлеуетінің артуы, құқық үстемдігін қамтамасыз ету тетіктерінің күшеюі азаматтардың әділдікке деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Заңгерлер мен лингвистердің қатысуымен жүргізілген жан-жақты жұмыс Конституция нормаларының құқықтық дәлдігін арттырып, түсіндірудегі екіұштылықтарды болдырмауға бағытталғаны да ерекше атап өтуге тұрарлық.
Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған конституциялық новеллалар мемлекеттің миссиясын, оның қоғам алдындағы жауапкершілігін және азаматтық қоғамның рөлін жаңаша пайымдауға жол ашады. Бұл реформа Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде одан әрі дамуына берік негіз қалайды.
Амалбек Ыкылас Еркинулы, «AMANAT» партиясының Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаты.
