Атамекен

Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік пен тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады

Әсіресе әкімшілік соттарға конституциялық мәртебе беру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайта түседі.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, бұл өзгерістер «жария-құқықтық дауларда азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттырып, қоғамның сот билігіне деген сенімін нығайтады». Сонымен қатар Үкімет функцияларын қайта қарау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты жаңа тәсіл енгізу және болашақ Құрылтайдың қызметін нақты регламенттеу мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, ұсынылған түзетулер құқық үстемдігін күшейтіп, мемлекеттік институттардың сапасын арттыруға, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы. Аудандық мәслихаттың депутаты — Гүлзира Нұриқызы Станкулова

Exit mobile version