Понедельник, 23 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтар“Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам” атты Жолдауына пікір

“Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам” атты Жолдауына пікір

Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің осы жылғы “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам” атты Жолдауында халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетіліп, қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік берілетіні айтылды. Елімізде саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуы керектігін атап өтті. Қазақстан азаматтарының тұрмыстық ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттар белгіленіп, басты назарды азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі екені нақты айтылды. Сондықтан болар, 2025 жыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.Бұл Жолдау халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді және нақты бағыт – бағдарымызды айқындағаны мәлім. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет екенін дөп басып айтты.

Сонымен қатар, Президент өз жолдауының соңында “Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады” деп өз сөзін аяқтады.

Өз ойым, биылғы Жолдау ерекше, жаксы жаңалықтарға толы болғанын сеніммен айта аламын. Біз- Аналар, ұрпағымыздың болашағы жарқын,білімді де білікті,отанын сүйетін рухты,ана тілі мен салт-дәстүрін құрметтейтін жүректі, Егеменді еліміздің қорғаны болғанын қалап, ұрпағымызға үйретуден жалықпаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, еліміздің болашағы –Жастар аман болсын!

Қарғалы ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Мамедова З.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments