Четверг, 26 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударды. Әдетте халыққа жасалған үндеуде ұзақ мерзімді мақсаттар айшықталса, бұл Жолдау нақты уақыт-мерзімі белгіленумен ерекшеленді. Президент екшеген стратегиялық бағыттар айқын. Оны жұмыла қолдап, ұстансақ, ұлы істерді, жетістіктерді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жалғастырарымыз ақиқат. Осы орайда Мемлекет басшысының нақты шешімін табатын ақша-несие саясаты, бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жақсартуға, еліміздің өнеркәсіп саласын толық пайдалануға қатысты, кадрлық әлеуетті арттыруға, ұлт саулығын нығайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға, заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруға орай айтылған ойларының бәрін де қуаттаймын. Тек сөз жүзінде қалып қоймай, осының бәрі жүзеге асып жатса, еліміз өркендей беретініне сенім мол!

Талап ауылдық округінің «Асыл ана» кеңесінің төрайымы Болаткулова Шолпан Бозжігітовна

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments