Сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл ауданы Ұзынағаш аумағындағы мәдениет қызметкерлерімен кездесті.
Жүздесу барысында баспанаға қолжетімділік, балалы отбасыларды қолдау және ата-аналарға қолайлы еңбек жағдайын жасау мәселелері сөз болды.
Партия бағдарламасында бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамту көрсеткішін 30 шаршы метрге жеткізу көзделген. Әр өңірде еңбек етіп жүрген азаматтарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылып, оған жергілікті бюджеттен жыл сайын кемінде 1 миллиард теңге бөлінуі ұсынылған.
Сонымен қатар 2–6 жастағы балалардың балабақша кезегін толық жою қарастырылған. Үш жасқа толмаған баласы бар ата-аналарға икемді жұмыс кестесімен немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін беру нақты құқыққа айналуға тиіс.
Кездесу барысында қызметкерлер отбасыларды қолдау мен баспанаға қатысты ұсыныстарын айтты. Жиын соңында олар алдағы сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.
