Сергазинов Данияр Асемханович 1971 жылы 21 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылында дүниеге келген. 1996 жылдан бастап еңбек жолын бастады. 1994 жылдан бері Шилібастау бекетінде теміржол саласында қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан Теміржолында теміржолшы болып жұмыс істейді.
Бұл мамандықты таңдауы әкесінің осы салада көп жыл еңбек еткенімен байланысты. Әке жолын жалғап, теміржол саласына өз өмірін арнауы – оның үлкен мақтанышы әрі жауапкершілігі.
Оның еңбек жолынан алатын үлгі – еңбекқорлық, адалдық және жауапкершілік. Адам үшін ең бастысы – маңдай термен істеген адал еңбегі. Сол арқылы абыройға да, сый-құрметке де жетуге болады.