Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарӘкім сайлауы: саяси бәсекенің бәсі жоғары

Әкім сайлауы: саяси бәсекенің бәсі жоғары

 

Биліктің шоқпарын беліне байламаққа ниетті жас пен жасамыс аталған додадан топ жармаққа құлық танытуда. Бүгінгі күні ең жас үміткердің жасы 25-те болса, үлкені 62 жаста.
Қазіргі таңда 279 үміткер өз кандидатурасын ұсынған. Айта кетейік, түрлі себептер бойынша 23 үміткер алынып тасталды, оның ішінде 16-ы талаптарға сәйкес келмейді, 7-і өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініштер бойынша шығарылды.
Кандидат өз қаражатынан ЖАО шотына ай сайынғы есептік көрсеткішке сәйкес сайлау жарнасын енгізеді, 42500 теңге. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынады(,-дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.
Сайлау алдындағы үгіт тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 14 шілде сағат 18.00-ден кейін басталып, 2021 жылғы 24 шілде сағат 00-де аяқталады.
Республикалық бюджеттен әрбір кандидатқа үгіттеуге 220000 теңге мөлшерінде қаржы бөлінеді. Бұл сома БАҚ-та жариялау, үгіт материалдарын шығару, көлік шығындары үшін жұмсалатын болады.
Сондай-ақ сайлау науқанына қатысатын сайлау комиссиялары мүшелерінің 1143-і вакцинациялаудан өтті, вакцинациялауға жатпайтыны – 241, жалпы пайызы 94,7, вакцинациялауға жататын мүшелер саны 71 адам.
Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес пысықталатын болады.
Сондай-ақ, сайлау өтетін күні сенім білдірілген адамдар, байқаушылар мен БАҚ өкілдері вакцинация паспортын немесе тапсырған күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестің теріс нәтижесін учаскелік сайлау комиссиясына көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда сайлау учаскесіне жіберілмейтін болады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments