Site icon Атамекен

Әлеуметтік кодекс жетісулықтардың өмірін қалай өзгертеді?

Өткен аптада Сенат депутаттары жаңа Әлеуметтік кодекс жобасына 500-ге жуық түзетулер енгізіп, құжатты ілеспе заң жобаларымен бірге екінші оқылымда қабылдады. Атап айтқанда, түзетулер азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін арттыруды, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы мөлшерін азайтуды және басқа да маңызды аспектілерді көздейді. Осындай ақпараттармен Өңірлік коммуникациялар алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Мәулен Сүлеймен, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының бас маманы Бауыржан Қабдрахманов және Халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ақмейір Абжалиева бөлісті.
«Әлеуметтік кодекс туралы дәлірек айтсақ, біріншіден, мемлекеттік қолдау проблемаларды жою үшін емес, олардың алдын алу үшін жұмыс істейтін болады. Мысалы, есту қабілеті нашар адам есту аппаратын есту қабілеті толығымен жоғалғанға дейін немесе жағдай сыни нүктеге жеткенге дейін алуы керек.
Бұл мәселе Әлеуметтік кодексте бекітілген. Екіншіден, әлеуметтік саланы цифрландыру, бұл қазіргі өтініш формасынан проактивті форматта әлеуметтік қолдау көрсету жүйесіне көшу. Оның негізі Отбасының цифрлық картасы. Мәселен, жаңа туған жас анаға ыңғайлы болу үшін бұрынғыдай мемлекеттік мекемелерге барып, қажетті 5 құжатты жинаудың қажеті жоқ.
Бүгінде жас ана, баласы дүниеге келген күні СМС-хабарлама алып, оған барлық төлемдер мен бала тууы туралы күәліктің ешқандай құжатсыз тағайындалады. Өткен жылдан бері бұл қызмет түрін Жетісу облысында 295-тен астам адам пайдаланған. Бұл сәт Әлеуметтік кодексте де орын алады. Үшіншіден, әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту нәтижелі және формальды жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталатын болады.
Яғни формальді форматта жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда жоғары болады. Мәселен, енді азаматтардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы жарналарының уақыты мен мөлшеріне байланысты болады. Егер азамат жұмыс уақытында үзіліссіз әлеуметтік аударымдарды төлесе, 3 түрлі төлем алады және оның зейнетақы мөлшері де жоғары болады», — дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Мәулен Сүлеймен.
Әлеуметтік кодекс жобасы аясында еңбек нарығын ырықтандыру және икемді жұмыспен қамтудың әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін құру бойынша бірқатар шаралар қарастырылған, олар:
— «тәуелсіз қызметкер» деген жаңа ұғымды енгізу – өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз табыс алу мақсатында еңбек қызметін дербес жүзеге асыратын жеке тұлға. Оларға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және онлайн-платформалар арқылы жұмыспен қамтылғандар кіреді;
— еңбек қызметін танудың оңтайландырылған тəртібін енгізу қарастырылған.
Яғни, қолданыстағы онлайн-платформаларда тіркеу процедуралары жəне міндетті салық пен əлеуметтік төлемдердің болуы осы санаттағы жұмыскерлердің заңды жұмыспен қамтылғанын тануға негіз болады.
Жаңа ережелер тəуелсіз жұмыскерлер үшін тіркеудің қосымша рəсімдерін
қарастырмайды;
— мөлшерлемесі тəуелсіз жұмысшылар табысының 4%-нан аспайтын арнайы
біріктірілген төлемін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Біріктірілген төлемге жеке табыс салығымен жəне зейнетақымен қамтамасыз ету, əлеуметтік жəне медициналық сақтандыру жүйесіне жасалатын аударымдар кіреді;
— тиісті аударымдар уақтылы түскен жағдайда тəуелсіз жұмысшыларға Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан əлеуметтік төлемдерді жəне Əлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медициналық көмектің сақтандыру пакетін алу құқығы беріледі. Бұл ретте, жұмыспен қамтылған азаматтарды əлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша əлеуметтік төлемдердің мөлшері жұмыспен қамтылған азаматтардың табысының 45%-ына дейін жəне бала күтімі бойынша төлемдер мерзімі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұлғайтылатын болады;
— бірлескен жұмыс (бір жұмыс орнында екі қызметкер), параллель жұмыс (екі жұмыс орнында бір қызметкер), икемді кесте немесе басқа да жұмыс сипатына қарамастан, тəуелсіз жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалатын болады. Бірақ бұл нормаларды іске асырудың негізгі шарты оңайлатылған тіркеудің болуы (жария келісім-шарт) жəне арнайы біріктірілген төлемді төлеу.
Жоғарыда аталған шаралар бірінші кезеңде кем дегенде жарты миллион жұмыс істейтін қазақстандықтарды «көлеңкелі еңбек нарығынан» шығарып, олардың əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ақмейір Абжалиева.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің 2 түрінің параметрлері өзгертілді.
«Бірінші, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ол жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап еңбек өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының орташа айлық кірісіне, жүйеге қатысу өтіліне және кірісті ауыстыру коэффициентіне байланысты болады. Екінші, бала күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы қазіргі уақытта бала 1 жасқа толғанға дейін тағайындалатын, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемнің мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылды», дейді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының бас маманы Бауыржан Қабдрахманов.
Негізгі мемлекеттік жәрдемақылардан басқа қызметкерге әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, әлеуметтік қауіп туындаған жағдайда «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің 2 түрі жүзеге асырылады. Бұл мүгедектік бойынша әлеуметтік төлем және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем. Бұл тармақтар Әлеуметтік кодексте де орын алады.

Exit mobile version