Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері баспасөз туры аясында...

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері баспасөз туры аясында ауылдық ауруханада болды

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде Алматы мен облыс түйіскен жерінде, Панфилово ауылында, ең ірі ауылдық ауруханалардың бірі жұмыс істейді. Бұл аурухана қазіргі уақытта 6 елді мекеннің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Олар: Арқабай, Қарабұлақ, Қызыл ту, Төңкеріс, Түзусай және Каменское плато ауылдары. Бұл — Талғар ауданындағы былтыр күрделі жөндеуден өткен көне ауруханалардың бірі. Соңғы 2 жылда осы аймақта «A-Class-Medical» ЖШС басқарушы компаниясының бастамасымен 7 ФАП пен МП жөндеуден өтіп, қайта ашылды (Еңбекші, Төңкеріс, Жалғамыс, Қайнар, Еламан, Тереңқара және Арқабай ауылдары). Жалпы, Панфилов ауылдық ауруханасы мен 7 фельдшерлік-акушерлік пунктке 25 мыңнан астам адам тіркелген. Оның ішінде балалар саны 10 мыңға жуықтайды. Орталық тұрғындары мен бекітілген тұрғындарға амбулаторлы-емханалық көмек көрсететін Панфилов ауылдық ауруханасының құрамында жалпы тәжірибелік 10 дәрігерден бөлек, тіс дәрігері, гинеколог, терапевт, педиатрлар бар. Бұдан бөлек, күрделі жөндеуден кейін мұнда УДЗ және ЭКГ кабинеттері ашылды.
Бірінші қабатта үлкен емхана жұмыс істеп тұр, ал жөнделген ғимараттың екінші қабатында 25 орындық стационар орналасқан. Бұл медициналық мекеменің дәрігерлері жоспарлы немесе шұғыл госпитализация болған жағдайда, науқасқа клиникалық-диагностикалық зерттеулер немесе мамандандырылған мамандармен консультациялар жүргізе алады. Жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог, бөлім меңгерушісі Алмағанбетова Ақмарал Жұматайқызы ауылдық аурухананың үлкен ұжымымен бірлесе отырып, түрлі профильдегі дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтардың жеткілікті болуының арқасында Панфилов және Нұра ауылдық округтерінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.
Ауылдық аурухана меңгерушісі Әсел Нүсіпбекқызы қазіргі таңда аурухана ұжымы аурулардың алдын алу, диагностика және емдеудің заманауи әдістерін тәжірибеге енгізу бойынша бастамалар қолға алынғанын және амбулаторлы-емханалық көмек көрсетуде озық тәжірибелерді қолдануға күш салатынын айтты. Аурухананың Қазақстандағы ең ірі мегаполиске жақын орналасқандығы қызметкерлерді барлық озық медициналық дағдыларды меңгеруге міндеттейді. Олар келушілерге санитарлы-ағарту және салауатты өмір салтын ұстану бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, аудандық аурухана қызметкерлері медициналық мекемеге бекіту мақсатында тұрғындар арасында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Аудандағы тіркелген барлық тұрғынға ТМККБК және МӘМС аясында медициналық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында халықты алдын ала хабардар ете отырып, жылжымалы медициналық кешен арқылы жоспарлы кесте бойынша арнайы мамандар консультациялар жүргізеді. Бұл аурухана ұжымы әр науқасқа үлкен құрметпен, мейіріммен қарайтынын, ісімен ғана емес, сөзімен де емдей алатынын атап өткіміз келеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments