Site icon ATAMEKEN

әрбір азаматтың референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын белгісі

15 наурызда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум өткізу – ел болашағы үшін аса маңызды тарихи қадам. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғам мен билік арасындағы өзара жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сондықтан мұндай маңызды шешімді бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдау – халық пікіріне құрметтің және демократиялық қағидаттардың нақты көрінісі.

Бұл референдум әр азаматқа ел дамуының жаңа кезеңіне өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Жаңа Конституция Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіруге, әділетті қоғам қалыптастыруға және құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған маңызды негіз болады деп сенемін. Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын белгісі.

Раймбердиева Майра, журналист

Exit mobile version