Қазіргі таңда елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық шаралар күшейтіліп келеді. Құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерге көмек көрсету және құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бұл – қоғамда заң үстемдігін қалыптастырып, әділеттілік пен тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда құқықтық мәдениет пен тәрбие ерекше рөл атқарады. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, құқық бұзушылыққа бейжай қарамауы қажет. Отбасындағы сыйластық, жауапкершілік және адам құқығына құрмет көрсету қағидаттары қоғамдағы тұрақтылықтың негізін қалайды. Жастарға құқықтық тәрбие беру және заңға құрмет сезімін қалыптастыру – болашақта қауіпсіз қоғам құрудың маңызды кепілі.
Сондықтан қылмыс пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, құқықтық мәдениетті нығайтуға үлес қосқанда ғана елдегі тыныштық пен тұрақтылық берік сақталады.
Балқаш өңірі газеті

