Четверг, 18 апреля, 2024
Басты бетUncategorizedӘр адамның дауысы маңызды

Әр адамның дауысы маңызды

19 наурыз күні елімізде Парламент Мəжілісі жəне мəслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау − ең маңызды саяси науқан. Əрбір сайлау азаматтардың саяси мəдениетін көтеруге мүмкіндік береді. Саяси науқанға қатысу өз таңдауың ғана емес, азаматтық қоғамның дамуына алып келеді. Адамдар өз құқығын қорғауға бет бұрған сайын мемлекет дами береді. Елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсарады.
Сайлау − таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіндік. Саяси шараға шақырғанда жауапкершілікті сезініп, билік сайлауды таза, əділ өткізетініне сенім білдіру керек. Сайлауға қатысу арқылы біз келісті келешегімізге қадам жасаймыз. Барша аудан тұрғындарын өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Қазіргі қоғам белсенді, халық елде болып жатқан процестерге қызығушылық танытады. Сондықтан алдағы шараға да ел ауызбіршілікпен қатысады деп сенеміз.
«Менің дауысым ештеңе шешпейді» деген сенімсіз ойдың мəні жоқ. Сайлауға қатысып, таңдау жасап, дауыс берген жөн. Барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болашағы үшін қызмет ететін партияны таңдауға атсалысайық, ағайын!
Гүлзира НҰРИҚЫЗЫ, Жамбыл аудандық аналар кеңесінің төрайымы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments