Site icon ATAMEKEN

Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес

Еліміздің саяси өмірінде маңызды тарихи оқиға қарсаңында тұрмыз. 23 тамызда алғаш рет Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауымызды жасау мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл – әрбір қазақстандық үшін үлкен жауапкершілік әрі азаматтық белсенділігін танытудың маңызды сәті.
Құрылтайдың құрылуы еліміздің заң шығару жүйесіне жаңа серпін беріп, Парламенттің жұмысын жеделдетуге және қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын. Жаңа жүйеде заң жобаларын қарау үдерісі жеңілдеп, депутаттардың өзекті мәселелерді талқылап, тиімді шешімдер қабылдауына көбірек мүмкіндік туады.
Сондықтан алдағы сайлауға қатысу – жай ғана азаматтық міндет емес, еліміздің болашағына деген жауапкершілігіміздің көрінісі. Біз дауыс беру арқылы өзіміздің мүддемізді қорғайтын, халықтың үнін жеткізетін өкілдерді таңдаймыз. Бүгінгі таңдауымыз ертеңгі заңдарымызға, қоғамымыздың дамуына және еліміздің болашағына әсер етеді.
Мен үшін және отбасым үшін Құрылтай сайлауына қатысу – үлкен мәртебе. Өзге отандастарымызбен бірге ел тағдырына өз үлесімізді қоса алатынымызды сезіну – ерекше қуаныш. Әрбір азаматтың таңдауы маңызды, өйткені елдің болашағы баршамыздың ортақ ісіміз.
Сондықтан 23 тамызда әрбір қазақстандықты сайлауға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымын танытуға шақырамын. Бірлігіміз бен ортақ жауапкершілігімізді нығайта отырып, қоғамдық келісімді сақтауға және Қазақстанның одан әрі дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.
Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағына жасалған қадам.
«Қоғамдық келісім және даму орталығының
Жамбыл аудандық филиалының жетекшісі
Айман Кенженбаева
Exit mobile version