Среда, 16 июля, 2025
Басты бетҚұттықтаймыз!Өлеңмен өрілген өмір: Өмірбай Өмірзақовтың 82 жылдық мерейтойы аталып өтті

Өлеңмен өрілген өмір: Өмірбай Өмірзақовтың 82 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, жазушы Өмірбай Өмірзақовтың 82 жасқа толуына арналған мерейтойлық шара Көкдала ауылында салтанатты түрде өтті. Өлең мен өнерді қадір тұтқан елдің жүрегінен орын алған қаламгер құрметіне орай Көкдала орта мектебінде ақынның атына арнайы кабинет ашылып, ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері бас қосты.

Шараға ардагер ұстаз, ақын Күмісжан Байжан, жазушы Рапбек Терлікбаев, Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі Ержан Қасымшалов, сондай-ақ «Атамекен» газетінің ұжымы, ауыл ақсақалдары мен жас оқырмандар қатысты.

Салтанатты жиында қатысушылар ақынның әдеби мұрасы жайлы пікірлерін ортаға салып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. Кеш барысында мектеп оқушылары ақынның жүрек тебірентер жырларын нақышына келтіре оқып, өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

Өмірбай Өмірзақовтың шығармалары — туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға негізделген туындылар. Оның қаламынан туған әрбір өлең мен әңгіме оқырманын терең ойға жетелеп, рухани байытады.

Жаңа ашылған кабинетте ақынның өмір жолын баяндайтын фотосуреттер, қолжазбалары, басылым беттеріндегі мақалалары мен кітаптары қойылып, оқушылар мен қонақтарға ашық түрде таныстырылды. Бұл кабинет енді келер ұрпақ үшін тағылымды тәрбие мен әдеби шабыттың мекеніне айналмақ.

Ақынға арналған осындай құрмет – ұлт руханиятына жасалған қадам ғана емес, әдебиетке деген құрметтің көрінісі. Бұл күн ауыл тұрғындарының жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments