Site icon Атамекен

Өмірін адал еңбекке арнаған шебер аспаз — Салтанат Елдесқызы

Салтанат Елдесқызы Елдесова — өмірін адал еңбекке арнаған, өз ісінің шебері, тәжірибелі аспаз. Ол 1971 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында тұрады.

Салтанат апайдың аспаздық саладағы еңбек өтілі — 15 жыл. Ол бұл жылдар бойы ШЖҚ “Қарғалы ауылының аудандық ауруханасы” МКК-да қызмет етіп келеді. Нағыз еңбек адамы ретінде маңдай терімен адал нан тауып, қоғам үшін аса маңызды мамандықты абыроймен атқарып жүр.

Аспаз болу – жай ғана тамақ пісіру емес, ол жанашырлық пен үлкен жауапкершілікті қатар алып жүретін іс. Салтанат апай осы қасиеттердің жарқын үлгісін көрсете білген жан.

Exit mobile version