Өмірәлі Нұрдос Амантайұлы 1978 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қызылшекара ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Қызылшекара ауылындағы Көдек Байшұғанұлы атындағы орта мектепке барып, 1995 жылы 11-сыныпты бітірді. Мектепті тәмамдаған соң белгілі себептерге байланысты жоғары оқу орнына түсе алмады. Ата-анасына қолқабыс жасап, ауылда еңбек етті.
Жастайынан еңбекке бейім болып, қара жұмысты тиянақты атқарды. Совхозда токарь болып жұмыс істеді. Сонымен қатар спортқа қызығып, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
2000 жылы Алматы қаласына келіп, түрлі жұмыстармен айналысты. 2006 жылдан бастап Жамбыл ауданы, Қазыбек бек ауылындағы «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының «Орталық АЭТ» бөлімінде 6-разрядты қосалқы станция электр қондырғыларын жөндеу бойынша электрслесарь болып қызмет атқарып келеді.
Өмірәлі Нұрдос Амантайұлы — отбасында үлгілі жар, бес баланың ардақты әкесі.
Өмірәлі Нұрдос Амантайұлы-Еңбек адамы
RELATED ARTICLES

