Четверг, 27 ноября, 2025
Басты бетЖаңалықтарӨнеркәсіп өндірісі 2,1 трлн теңгеге жетті: Алматы облысы өңдеу секторының орталығына айналып...

Өнеркәсіп өндірісі 2,1 трлн теңгеге жетті: Алматы облысы өңдеу секторының орталығына айналып келеді

Алматы облысында өнеркәсіп өндірісі 108,7% өсім көрсетіп, оның 90%-ы өңдеу секторында қалыптасқан.

Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, биылғы 10 айда өнеркәсіп көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті. Облыс аграрлық аймақтан инновациялық технологиялар мен өңдеу өнеркәсібінің жетекші орталығына айнала бастаған.

«Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды», — деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде.

2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін өсті. Жыл соңына дейін 1,3 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

Іске қосылған ірі жобалардың ішінде «Focus Logistics» ірі логистикалық паркі (70 млрд теңге), «Алтын таға» бетон өнімдері зауыты (35 млрд теңге), «LC Waikiki» көтерме-сауда орталығы (30 млрд теңге), «Шин-лайн» балмұздақ фабрикасы (18 млрд теңге), «Қапшағай Бидай Өнімдері» дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін агрокешені (12 млрд теңге), «КегенМясПром» ет комбинаты (3,5 млрд теңге).

Тамақ өнеркәсібі саласында «Galanz Bottlers» компаниясын кеңейту (17,8 млрд. теңге), «QAZAQ GLOBAL FOOD JV» (16,5 млрд. теңге), «Прима Құс» (14 млрд. теңге). Бұл компаниялар экспортқа бағытталған өнім өндіреді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments