Вторник, 9 декабря, 2025
Басты бетЖаңалықтарӨнімділік пен инновация: Алматы облысы ауыл шаруашылығындағы жылдық жетістіктерін көрсетті

Өнімділік пен инновация: Алматы облысы ауыл шаруашылығындағы жылдық жетістіктерін көрсетті

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің қатысуымен Қонаев қаласында Ауыл шаруашылығы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке өңірдің аграрлық саласындағы жетістіктерді атап өтіп, үздік мамандар мен шаруашылық өкілдерін марапаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Шара «Мәдениет үйі» аумағындағы ауыл шаруашылығы көрмесін аралаудан басталды. Көрмеде өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технологиялар, жаңа өнімдер және шаруашылықтар жұмысының нәтижелері таныстырылды.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналғандарды Ауыл шаруашылығы күнімен құттықтап, аграрлық сала өңір экономикасының маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Әкім ауыл еңбеккерлерінің табанды еңбегі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімін қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалады.

«Бүгінгі климаттық өзгеріс жағдайында судың маңызы артып келеді. Сол себепті біз суармалы жерлерді жаңғыртуға, цифрландыру мен үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше мән беріп отырмыз. Жаңа технологияларды енгізу тек табиғи ресурстарды қорғап қана қоймай, фермердің табысын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – өнімділікті арттыру, шаруаның шығынын азайту және нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті күшейту. Біз облыс деңгейінде осы бағыттағы жобаларды қолдап, фермерлерге нақты практикалық шешімдер ұсынамыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Алматы облысы еліміздегі әлеуеті артып, ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші өсіп, бұрынғы оныншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Бұл – стратегиялық жоспарлау мен ауыл еңбеккерлерінің маңдай терінің нәтижесі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments