Жыл басынан вакцинаның І компонентінен 540 645 дозасы келіп түсті, оның 508 063 дозасы қолданылып, қазіргі уақытта облыста 32 582 доза вакцина қалды.
Бірінші компонентпен 508 063 адам егілді, екіншісінен — 283 119. Вакцинацияланғандардың арасында — теміржол саласының қызметкерлері – 2526, тамақ өнеркәсібінің жұмыскерлері – 1680, өнеркәсіптік құрылымдардың жұмыскерлері – 2591, сауда кәсіпорындарының қызметкерлері – 2947 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 387 552 адам вакцина алып үлгерді.
Айта кетейік, соңғы тәулікте КВИ 160 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,5%, бұл 138 симптомдық (86,2%) және 22 симптомсыз (13,8%) жағдай.
КВИ анықталған 160 жағдайының 17-сі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 12 жағдай.
21 шілдедегі жағдай бойынша 27 335 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 42 пациент шығарылды.