Site icon Атамекен

Өңірлік Халықтық штаб Қазыбек бек бекетінің тұрғындарымен АЭС салудың елге тигізер пайдасын талқылады

⚡ Өңірлік Халықтық штаб Қазыбек бек бекетінің тұрғындарымен АЭС салудың елге тигізер пайдасын талқылады

Жамбыл аудандық Халықтық штабының мүшелері Қазыбек бек бекетінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында атом электр станциясы салудың артықшылықтары, қауіпсіздік шаралары және оның Қазақстанның энергетикалық болашағына ықпалы туралы талқыланды.

Халықтық штаб мүшелері АЭС салудың экологиялық таза энергия көзі екенін атап өтіп, оның көміртегі шығарындыларын азайтуға және еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға көмектесетінін түсіндірді. Сонымен қатар, АЭС-те қолданылатын III және III+ буын реакторларының қауіпсіздік жүйелері және апаттардың алдын алуға арналған заманауи технологиялар туралы мәліметтер берілді.

«Қазақстанның энергетикалық жүйесін әртараптандыру үшін атом энергетикасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта еліміздегі электр станцияларының көпшілігі ескірген және олардың тиімділігі төмен. АЭС салу арқылы біз тек энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Ықылас Еркінұлы.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС салуға қатысты өз ойларын білдіріп, жобаға байланысты сұрақтарын қойды. Халықтық штаб мүшелері азаматтарды АЭС құрылысының артықшылықтарын қолдауға шақырды.

#АЭСүшін #ЗаАЭС #ХалықтықШтаб #Референдум2024

Exit mobile version