Site icon Атамекен

Өңір агросекторы қарқынды дамуда

2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша облыстың агроөнеркәсіптік кешені тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Ресми талдамалық анықтамаға сәйкес, өңір республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жағынан екінші орынға шығып, жалпы республикалық көрсеткіштің 12 пайызын қамтамасыз етті. Өндірілген өнім көлемі 220,6 млрд теңгені, нақты көлем индексі (НКИ) 103%-ті құрады, бұл жоспардың толық орындалғанын көрсетеді.

Атап айтқанда:

Егіс көлемі ұлғайып, тыңайтқыштар енгізілді

Биыл егіс алқаптарының жалпы көлемі 434,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,2 мың гектарға артты.
171,7 мың гектар алқапта дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 38 мың гектар (немесе 22,2%) жер жиналып, 68 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік – 17,9 центнер/гектар.

Минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 87,7% орындалды – 53,3 мың тонна тыңайтқыш себілді.

Су үнемдеу – басты назарда

Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында өңірде 57,8 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді (жоспар – 66,6 мың га, орындалуы – 86,8%).
Соның ішінде биыл 20,2 мың гектар жаңа жүйелер енгізілді:

Техника жаңартылып, қаржыландыру кеңейіп жатыр

Ауыл шаруашылығы техникасы да жаңартылуда: жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 251 бірлік техника сатып алынды (жоспардың 51,2%). Жаңару қарқыны – 6,5%.

«Кең дала» бағдарламасы аясында 2,7 млрд теңгеге 59 ауыл шаруашылығы өндірушісі қаржыландырылды, ал «Қонаев» ӘКК» АҚ арқылы 2 млрд теңгеге 6 несие берілді.

Мал шаруашылығында тұрақты өсім байқалады

Мал шаруашылығында да оң үрдіс сақталуда:

Облыс:

Бүгінгі таңда өңірде 56 тауарлы сүт фермасы (жалпы сыйымдылығы – 21,7 мың бас), сондай-ақ 56 бордақылау алаңы (барлығы 47,8 мың бас) жұмыс істейді. Қосымша 13 жаңа сүт фермасы қаржыландырылып, 8-і іске қосылды. Бұл жобалар толық жүзеге асқан жағдайда сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға артады.

Одан бөлек, 5,9 мың бас ІҚМ мен 4,7 мың бас ұсақ малды бордақылауға қаржыландыру тартылды.

Құс еті өндірісінде көш бастап тұр

Өңір ел бойынша құс етінің 30,2%-ін өндіруде. Алты ай ішінде 71,1 мың тонна құс еті өндірілді. Облыс аумағында:

Жыл соңына дейін «Прима құс» ЖШС 8,8 мың тонна ет өндіруге бағытталған инвестициялық жобаны іске қосып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтпақ.

АӨК саласындағы инвестициялар – 33,5 млрд теңгеге 17 жоба

Агроөнеркәсіптік кешенде жалпы сомасы 33,5 млрд теңгеге 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Алты ай ішінде 5,6 млрд теңгеге 7 жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында тауарлы сүт фермалары мен көкөніс-жеміс сақтау қоймалары бар.

АӨК-тің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 59,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты, оның ішінде:

Зиянкестермен күрес жалғасуда

Өңірде зиянкестерге қарсы 113,9 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді (жоспар – 100%). Оның ішінде:

Жұмыстарға 201 маман46 техника15 бүріккіш1 жеңіл және 5 аса жеңіл ұшақ2 дрон және 4 арнайы бүріккіш техника жұмылдырылды. Жалпы бюджет – 349,9 млн теңге.

Өңірдің ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келе жатқанын дәлелдейді. Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен инвестициялық жобалар саладағы өсімді одан әрі жалғастыруға берік негіз қалайды.

Exit mobile version