Site icon ATAMEKEN

• ⁠Жасанды интеллект, болашақ мамандықтар және ауылдағы кадрлар: партиялар теледебатта нені талқылады

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар білім беру, еңбек нарығы, экология және өңірлік даму мәселелері бойынша ұсыныстарын таныстырды. Тиістібастамалар телевизиялық дебат барысында және сайлаушылармен өткен кездесудекөтерілді.

 

Сайлауалды науқан аясындағы партиялардың қызметі

 

«Әділет» партиясының өкілдері мен Құрылтай депутаттығына үміткерлеріҚызылорда облысы жұртшылығымен кездесу өткізді. Басқосуға энергетика, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, білім беру, өнер және мәдениет салаларының өкілдеріқатысты.

 

ЖСДП өкілдері Ақмола және Қарағанды облыстарында сайлаушыларменкездесті. Көкшетауда №19 орта мектептің педагогикалық ұжымымен өткен кездесудебілім беру жүйесін дамыту, мұғалімдердің еңбек жағдайы, мектептерді кадрменқамтамасыз ету, білім саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және білім беру инфрақұрылымын жетілдіру мәселесі талқыланды.

 

«Байтақ» партиясының өкілдері Жамбыл, Ақтөбе және Маңғыстау облысында, сондай-ақ Алматы қаласында бірқатар іс-шара өткізді. Тұрғындармен, жастарменжәне еңбек ұжымдарымен кездесуде экология, қалдықтарды басқару, ауа сапасы, табиғи ресурстарды пайдалану, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, елдімекендерді абаттандыру және қаланың жай-күйі сөз болды. Кездесулердің біріндесайлауалды науқанды өткізу, халықаралық байқау және сайлау процесінұйымдастыру мәселесі де талқыланды.

 

Қазақстанның Халық партиясының өкілдері Атырау облысындағы KarabatanUtility Solutions LLC, Ұлытау облысындағы «Марал Нұр» ЖШС, ТүркістандағыSouthern Light Transit институтының еңбек ұжымдарымен, сондай-ақ «Жансая» әлеуметтік орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, тұрғын үй саясаты, еңбек жағдайы және өңірлікдаму мәселесі көтерілді.

 

Павлодарда кәсіподақ белсенділерімен өткен кездесуде Құрылтайдепутаттығына үміткер Евгений Миронов ЖСДП-ның кәсіподақтардың еңбекқұқықтарын қорғаудағы рөліне қатысты бастамасына сын айтты. Оның пікірінше, еңбек дауы келіссөздер, сот талқылауы және еңбек төрелігі арқылы шешілуі тиіс.

 

«Ауыл» партиясының өкілдері «Есіл Су» филиалының ұжымымен кездесіп, сумен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарынпайдалану және коммуналдық саланы дамыту мәселесін талқылады.

 

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Жезқазған қаласында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан және Қарағанды облысында сайлаушыларменкездесті. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ көпсалалы аудандық ауруханасыныңмедицина қызметкерлерімен жеке кездесу өтті.

 

Партия өкілі Бек-Мұхамед Жаукебаев Respublica партиясының бағдарламасымен кандидаттар тізіміне қатысты сын пікір білдіріп, оның салық саясаты мен шағынжәне орта бизнесті қолдау жөніндегі ұстанымы жеткілікті деңгейде нақтыланбағанынайтты. Бұған дейін «Ақ жол» партиясы да Салық кодексінің кәсіпкерлікке қолайсыздеп санайтын жекелеген нормаларына қатысты өз сынын білдірген болатын.

 

Respublica партиясының өкілдері Жамбыл облысындағы «Запчасть» АҚ, Тараз металлургия зауыты және «Алель Агро» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесудеміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, өнеркәсіпті дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, электр энергиясының тарифтері, теміржол логистикасы, өнім өткізу, экспорт, импортты алмастыру және салық саясатымәселесі қаралды.

 

Сонымен қатар Таразда партия өкілдерінің қатысуымен форум өтіп, ондаөңірлік даму, әлеуметтік инфрақұрылым, туризм, инклюзия және Шақпақ-Баба асуында тоннель салу мәселелері талқыланды.

 

Теледебат: білім, еңбек және даму мәселелері бойынша партиялардыңұсынысы

 

«Әділет» партиясының өкілі Рауан Кенжеханұлы OpenAI компаниясыменбірлескен бастама аясында Қазақстандағы 160 мың мұғалімнің ChatGPT Edu білімберу сервисіне тегін қол жеткізгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сервис оқу жоспарын, есептер мен басқа да жұмыс материалдарын әзірлеуге, сондай-ақ білім беру саласынбасқарудағы талдау жұмыстарына пайдаланылуы мүмкін.

 

Сондай-ақ дебат барысында ол ғылым мен экономиканың өзара байланысынатоқталып, жоғары оқу орындарында технологиялар трансфертінің тетіктеріндамытудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама ғылым мен экономиканың ықпалдастығын күшейтуге бағытталған.

 

ЖСДП өкілі Мақсұт Насибулов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігімәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, мұндай модель бірқатар дамыған елдердеқолданылады. Дебат барысында модератор ұсынған бастамада оны іске асырудыңмерзімі, құны және нақты тетіктері көрсетілмегеніне назар аударды. Сондай-ақ МақсұтНасибулов жоғары білімнің қолжетімділігіне қатысты партияның ұстанымынтаныстырды.

 

Бұдан бөлек, ол мектептегі білім сапасы мәселесін көтеріп, білімді бағалаутәсілдерін жетілдірудің және жоғары сынып оқушылары үшін бейіндік оқытумүмкіндіктерін кеңейтудің маңызын атап өтті.

 

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының өкілі Аслан Байзаханов әлеуметтікжелілер арқылы түскен көрермен сауалына жауап бере отырып, экологиялықүдерістерді зерттеуде, қоршаған ортаның жай-күйін бағалауда және экологиялықдеректерді талдауда математикалық талдау мен есептеулердің қолданылуы туралыайтты.

 

«Ауыл» партиясының өкілі Шахмардан Байманов ауылды жерлерге жасмамандарды тартуға қатысты ұсынысын жариялады. Оның айтуынша, бастамаауылдық грантпен білім алған түлектерді өздерін оқуға жіберген елді мекендергежұмысқа орналастыруды көздейді. Сонымен қатар ол қолданыстағы бағдарламалараясында жас мамандарға көтерме жәрдемақы мен жеңілдетілген тұрғын үй несиелеріберілетінін атап өтті.

 

«Ақ жол» партиясының өкілі Дулат Тәстекей Құрылтай жұмысы мен білім беру саласына қатысты ұсыныстарын таныстырды. Ол сөзінде бюджет қаражатыныңжұмсалуына парламенттік бақылауды күшейту, педагогтердің еңбекақысын арттыружәне ғылыми-инновациялық жобаларды қолдау мәселелеріне тоқталып, бұл бағыттың білім мен ғылымды дамытудағы маңызын атап өтті.

 

Respublica партиясының өкілі Мейрамгүл Мәдәлі жасанды интеллектініңдамуына байланысты Мамандықтар атласын тұрақты түрде жаңартып отырудыңмаңызын айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістер 562 мамандыққа әсер етуі мүмкін, ал олардың бір бөлігі уақыт өте келе сұраныстан шығуы ықтимал.

 

Ұсынылған бастамалардың қатарында экономика қажеттіліктерін, жұмыс берушілердің сұранысын және түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ескере отырып, жасанды интеллектке қатысты жаңа бағыттарды енгізу мәселесі де көтерілді.

 

Сондай-ақ дебат барысында партия өкілдері өңірлердегі білім беру жүйесіндамыту, ауыл мұғалімдерін қолдау, мектеп пен балабақша құрылысына инвестиция тарту, IT бағытын, жасанды интеллектіні және ғылымның өндіріспен байланысындамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Exit mobile version