Site icon ATAMEKEN

⁠Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?

Кеше партиялар мектептерде, ауруханаларда, зауыттарда және архивтердесайлаушылармен кездесіп, әр саланың өзекті мәселелерін талқылады. Көтерілген тақырыптар әртүрлі болғанымен, олардың бәрін біріктірген ортақөзекеңбек адамы және оның күнделікті мәселелері болды.

 

Көкшетауболашақ қалалар туралы

 

«Әділет» партиясының өкілдері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті. Партияның республикалық сайлауалды штабы ұйымдастырған кездесудекөкшетаулықтар өңір үшін маңызды бастамаларды ұсынды. Олардыңқатарында кәсіпкерлерге арналған бірыңғай цифрлық платформаны іске қосу, колледждерге жасанды интеллект технологияларын енгізу, коммуналдықжелілерді жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын құру бар.

 

Өңірлердегі жұмысын жалғастырған «Әділет» спортшылармен, жаттықтырушылармен, өнеркәсіп кәсіпорнының ұжымымен, сондай-ақ туризм және шипажай-курорт саласының өкілдерімен кездесті. Кездесулерде спортты, туризмді, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту, фермерлердіқолдау мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелеріталқыланды.

 

Кездесулердің бірінде Ақмола облыстық олимпиадалық резервті даярлауорталығының әдіскері Екатерина Круглик балалардың тұрғылықты жеріненемесе отбасының материалдық жағдайына қарамастан тегін спорт секцияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

 

Мектепреформаның бастауы

 

ЖСДП елдің болашағы білім беру жүйесіне байланысты деп есептеп, осы тақырыпқа арналған арнайы конференция өткізді. Депутаттыққа кандидаттар, педагогтер мен сарапшылар білім сапасы, кадр тапшылығы, мектепинфрақұрылымының жай-күйі және мұғалімдерді қолдау мәселелерінталқылады.

 

Талқылау қорытындысында қатысушылар бір пікірге келді: мектепте жүйеліреформалар жүргізілмейінше, бәсекеге қабілетті мемлекет туралы айту қиын.

 

Сол күні білім беру тақырыбына қатысты өз ұстанымын Respublica партиясы да білдірді. Кандидат Нұргүл Тау Қазақстан халық партиясының PISA нәтижесітөмен мектептерге айыппұл салу туралы бастамасын сынға алып, мұндай тәсілмәселені шешудің орнына кінәліні іздеуге ұқсайтынын айтты.

 

Оның пікірінше, ауыл мектептері бастапқыдан-ақ қалалық мектептермен теңжағдайда емес. Сондықтан олардан бірдей нәтиже талап етуорынсыз, ал мұғалімдерді жазалау білім беру жүйесінің әлсіздігін ғана көрсетеді.

 

Respublica басқа жолды ұсынады. Партия мұғалімдерді жазалаудың орнынабілім беру ортасын дамыту мен педагогтерді қолдауды құптайды.

 

Экология – дәрігерлер көзімен

 

«Байтақ» партиясы үшін экология мәселесі денсаулық сақтау саласымен тығызбайланысты. Кеше бұл ұстаным іс жүзінде көрініс тапты.

 

Кандидат Таир Сағымбаев Ақтаудағы №2 қалалық емхананың ұжымыменкездесті. Кездесу барысында медицина саласының жай-күйі, өңірдіңэкологиялық қауіпсіздігі және пациенттерді әлеуметтік қорғау мәселелеріталқыланды.

 

Партияның пайымынша, нақты шешімдер кеңсе қабырғасында емес, күн сайынхалықпен жұмыс істейтін мамандардың пікіріне сүйене отырып қабылдануытиіс.

 

Тарихи жадысаяси күн тәртібінде

 

Қазақстан халық партиясы кеше тарихи жады тақырыбына ерекше назар аударды. Партия іздестіру жұмыстарын, архивтік зерттеулерді және патриоттықжобаларды қолдау мақсатында «Мемориалдық аймақ» бірлестігіменынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, оның арғы атасы ондағанжыл бойы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында саналып келген. Кейін іздестіружасағы оның жерленген орнын анықтаған.

 

ҚХП бұл бастаманы ата-баба ерлігіне тағзым етудің және тарихи шындықтысақтаудың маңызды бөлігі деп есептейді.

 

Кеншілер өлкесіндегі кездесулер

 

Кеше Қостанай облысына төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған «Ауыл» партиясы барды. Ол еңбек ұжымдарымен, партия белсенділерімен және ауылтұрғындарымен кездесіп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, кәсіпкерлікті қолдаужәне инфрақұрылымды жаңарту мәселелерін талқылады.

 

Сапар барысында Айтуғанов өзінің еңбек жолы басталған «Қазпошта» ұжымымен де кездесті. Сапар жастар волонтерлерімен бірге өткен үгіт-насихатакциясымен аяқталды.

 

Ал дәл осы уақытта Қарағандыға «Ақ жол» партиясының төрайымы ДәнияЕспаева барды. «Seven Refractories Asia» ЖШС ұжымымен кездесуде отандықөндірушілерді қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық саясаты жәнеөнеркәсіпті дамыту мәселелері сөз болды.

 

Соңғы күндері бірнеше партияның Жезқазған мен Қарағанды облысын кездесуалаңы ретінде таңдауы кездейсоқ емес. Бұл өңірлер ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарыныңсимволына айналған. Бағдарламалары әртүрлі болғанымен, еңбекке құрметтақырыбы көптеген партияларды ортақ ұстаным төңірегіне топтастырып отыр.

 

Жезқазғандағы пікірталас

 

Respublica партиясы Жезқазғанда өз жақтастарының форумын өткізіп, ондаөңірдің өнеркәсібі, жолдарының жағдайы, медицинасы және білім беру саласыталқыланды.

 

Алайда көпшіліктің назарын бағдарламалық ұсыныстардан гөрі МейірАлпысовтың «Ақ жол» партиясының сынына берген жауабы аударды.

 

Ол мемлекет азаматтарын «ұры немесе жемқор» ретінде қабылдамауғашақырып, шетелде табыс тауып жүрген қазақстандықтардың қаражатын ел экономикасына инвестициялауға жағдай жасау қажет екенін айтты. Оныңпікірінше, оларды әлеуетті заң бұзушы ретінде қарастыру дұрыс емес.

 

Осылайша, бір күннің ішінде сайлауалды науқанда екі негізгі пікірталасайқындалды. Оның бірімектептерге айыппұл салу мәселесіне, екіншісішетелде бизнес жүргізетін қазақстандықтарға деген сенімге қатысты болды. Бұлсайлау жақындаған сайын партиялардың өзара ашық пікірталасқа жиі түсіпжатқанын және олардың бағдарламалары арасындағы нақтыайырмашылықтардың барған сайын айқындала түскенін көрсетеді.

Exit mobile version