Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті әрі қоғам алдындағы жауапкершілігі. Құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.
🔹 Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді біліңіз;
🔹 Қоғамдық тәртіпті сақтаңыз;
🔹 Күмәнді немесе құқық бұзушылық жағдайларына бейжай қарамаңыз;
🔹 Интернеттегі алаяқтықтан сақ болыңыз;
🔹 Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;
🔹 Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеңіз;
🔹 Есірткі қылмысына және құқық бұзушылықтың кез келген түріне қарсы болыңыз.
Заңға құрмет – өзіңе және қоғамға деген құрмет.

