Атамекен

⚡Жамбыл ауданында «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті

Жиында аудан әкімнің есебі тыңдалып, Президент Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды

Жамбыл аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

▪Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Бірінші болып Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының сегіз айдағы орындалуы туралы есеп берді.

Әкімнің айтуынша, негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр.

▪Сонымен қатар жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтылған міндеттер талқыланды. Фракция мүшелері ауданда цифрлық бастамаларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар айтты.

Exit mobile version